Google Maps-тің түпкі пайдаланушыларға арналған Қосымша қызмет көрсету шарттары
Соңғы рет өзгертілген күні: 2025 жылдың 4 маусымы
Google Maps платформасы қызметтерін біріктіретін Google Maps немесе кез келген үшінші тарап өнімдері мен қызметтерін пайдалану арқылы түпкі пайдаланушы ретінде сіз (1)Google Қызмет көрсету шарттарын және (2) Google Maps-тің Қосымша қызмет көрсету шарттарын ("Maps-тің Қосымша шарттарын") қабылдауыңыз керек. Maps-тің Қосымша шарттарында Google Maps/Google Earth қызметтеріне және Google Maps/Google Earth API-ларына қатысты Заңды мәлімдемелер сілтеме арқылы қосылған.
Осы құжаттардың әрқайсысын мұқият оқып шығыңыз. Бұл құжаттар бұдан әрі бірге "Шарттар" деп аталады. Шарттарда осы қызметтерді пайдалану кезінде сіздің бізден және біздің сізден не күтетініміз сипатталған.
Бизнес профиліңізді басқару үшін Google Maps-тегі сатушыларға арналған функцияларды пайдалансаңыз, бұған https://support.google.com/business/answer/9292476 сілтемесінде берілген Google Business Profile Қызмет көрсету шарттары қолданылады.
Біздің Құпиялық саясатымызды оқып шыққаныңыз жөн. Бұл құжатта қандай ақпаратты жинайтынымыз, оны неліктен жинайтынымыз және оны қалай өзгертуге, басқаруға, экспорттауға немесе өшіруге болатыны түсіндірілген.
Лицензия.Осы Шарттарды орындасаңыз, Google Қызмет көрсету шарттарына сәйкес сізге Google Maps-ті, сондай-ақ төменде аталған функцияларды пайдалануға лицензия беріледі:
карталарды көру және оларға аннотация жазу;
KML файлдарын және карта қабаттарын жасау;
тиісті төлсипаты бар контентті онлайн режимде, бейнеде немесе басып шығарылған материалда жариялау.
Google Maps-те рұқсат етілген әрекеттер туралы толық ақпарат алу үшін Google Maps, Google Earth және Street View қызметтерін пайдалану бойынша рұқсаттар бетіне кіріңіз.
Тыйым салынған әрекет. Google Maps-ті пайдалану лицензиясына ие болу үшін 2-бөлімдегі талаптарға сай әрекет ету керек. Google Maps-ті пайдаланғанда, сізге (немесе сіздің атыңыздан әрекет ететіндерге) келесі әрекеттерді жасауға тыйым салынады:
Google Maps-тің қандай да бір бөлігін қайта тарату немесе сату, немесе Google Maps негізінде жаңа өнім немесе қызмет жасау;
контентті көшіру (Google Maps, Google Earth және Street View қызметтерін пайдалану бойынша рұқсаттар бетінде немесе зияткерлік меншік туралы қолданыстағы заңға, соның ішінде "әділ пайдалануға" сай рұқсат етілмесе);
контентті жаппай жүктеп алу немесе көп мөлшерде оның фидтерін жасау (не басқа біреуге жасату);
Google Maps-ті алмастыратын немесе онымен бірдей мақсатта пайдаланылатын картаға қатысты деректер жинағын (соның ішінде картаға түсіру немесе навигациялық деректер жинағын, компания сипаттамаларының дерекқорын, тарату тізімін немесе телемаркетинг тізімін) жасау немесе толықтыру үшін Google Maps-ті пайдалану;
Google Maps-тің қандай да бір бөлігін басқа адамдардың өнімдерімен немесе қызметтерімен бірге нақты уақыттағы навигация немесе көлікті автономдық басқару құралдарымен (Android Auto сияқты Google ұсынған арнайы мүмкіндіктерден басқа) байланыстырып пайдалану.
Нақты шарттар. Тәуекелді қабылдау. Google Maps картасының дерегін, көлік қозғалысының бағыттарын және басқа контентті қолданғанда, іс жүзіндегі жағдай карта нәтижелеріне және берілген контентке сәйкес келмеуі мүмкін. Ондай кезде өз бетіңізбен шешім қабылдаңыз. Google Maps-ті пайдаланудан туындайтын тәуекелдерге компания жауапты емес. Жасаған әрекеттеріңізге және олардың салдарына әрқашан өзіңіз жауапты боласыз.
Google Maps-тегі контентіңіз. Google Maps арқылы жүктеп салатын, сақтайтын, жіберетін немесе алатын контент Google-дыңҚызмет көрсету шарттарына, соның ішінде "Контентіңізді пайдалану рұқсаты" деген бөлімдегі лицензияға сәйкес реттеледі. Дегенмен тек құрылғыңызда сақталған контент (мысалы, жергілікті KML файлы) Google-ға жүктеп салынбаса немесе жіберілмесе, оларға лицензия шарттары қолданылмайды.
Мемлекеттік түпкі пайдаланушылар. Google Maps-ті мемлекеттік мекеме өкілі ретінде пайдалансаңыз, келесі шарттар қолданылады:
Қолданыстағы заң.
-
Америка Құрама Штаттарындағы және Еуропалық Одақтағы қалалық немесе мемлекеттік органдар үшін қолданыстағы заң және мекемеге қатысты Google-дың Қызмет көрсету шарттары бөлімі қолданылмайды.
-
Америка Құрама Штаттарының федералдық мемлекеттік мекемелері үшін қолданыстағы заңға және мекемеге қатысты Google Қызмет көрсету шарттарының бөлімі мынаған өзгереді:
"Бұл Шарттар заңдар қайшылығының нормаларына қарамастан, Америка Құрама Штаттарындағы заңдарға сәйкес реттеледі, түсіндіріледі және қолданылады. Федералдық заңға сәйкес рұқсат етілген жағдайларда ғана: (A) тиісті федералдық заң болмаған жағдайда, Калифорния штатының заңдары (Калифорния штатының заңдар қайшылығына қатысты ережелерінен басқа) қолданылады; және (B) осы Шарттарға немесе Google Maps-ке қатысты туындаған қандай да бір дау Калифорния штаты Санта-Клара округінің федералдық соттарында шешіледі. Тараптар сол соттардың жеке юрисдикциясына келіседі".
-
АҚШ үкіметінің шектеулі құқықтары. Google Maps-ті АҚШ федералдық үкіметінің пайдалануы Google Maps/Google Earth қызметтеріне қатысты Заңды мәлімдемелердегі "АҚШ үкіметінің шектеулі құқықтары" бөліміне сәйкес реттеледі.